Францияда орман өртеніп, 2,7 мың турист эвакуацияланды

Орман өртіне байланысты Францияның оңтүстігіндегі Шығыс Пиренейлері   департаментіндегі кемпингтерден 2,7 мыңға жуық турист эвакуацияланды, деп жазады ТАСС.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт Париж уақыты бойынша сағат 14:00-де Аржелес-сюр-Мер комуннасынан шыққан. Минутына 19 метр жылдамдықпен ескен жел өрттің жылдам өршуіне себепші болған. Комунна мэрі Антуан Парраның айтуынша, өрт жағалауға қарай өршіді. Өрттен құтқару қызметінің өкілдері 3 кемпингтен 2,7 мың туристі эвакуациялап, уақытша гимназия ғимараттарына орналастырды. Өртті сөндіруге ондаған өрт сөндірушілер қатысуда. Сондай-ақ қызыл жалынмен күреске Canadair ұшақтары да жұмылдырылған. «Кемпингтер астанасы» саналатын Аржелес-сюр-Мер комуннасында жыл сайын шамамен 150 мың адам демалады.

 

inform.kz