Ғалымжан Қойшыбаев қайтадан ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 18 қыркүйектегі Жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды /tazael.kz/ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалсын”, делінген Жарлықта.

Айта кетсек, Ғалымжан Қойшыбаев 2019 жылдың наурыз айында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босап, ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалған болатын.