Ғалымжан Қойшыбаев жаңа қызметке тағайындалды – Ел жаңалықтары

Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Үкімет қаулысымен Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ғалымжан Тельманұлы көп жылдар бойы Президент Әкімшілігінде, сондай-ақ, сыртқы істер министрлігі жүйесінде – елші және министрдің орынбасары болып жұмыс істеді”, – деді Асқар Мамин үкімет отырысында.

Еске салайық, Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz