Германияда атыс болды: 8 адам қаза тапты және тағы 5-еуі ауыр жағдайда жатыр

Немістің Ханау қаласында (Франкфурт-на-Майнеден 20 шақырым жерде орналасқан) ер адам 8 адамды өлтіріп, тағы бесеуін ауыр жаралаған. Бұл туралы РИА Новости неміс БАҚ-тарына сілтеме жасап хабарлады.

“Полиция сегіз адам қаза тапқанын растады. Қылмыскерді іздеу қарқынды жүріп жатыр. Әзірге дәлелдер туралы нақты ақпарат жоқ”, – делінген Гессен Федералдық жеріндегі ведомствоның сайтында.


© Reuters

Hanauer Anzeiger газетінің ақпараты бойынша, кісі өлтіруші Курт-Шумахер-плац букмекерлік кеңсесіне және  қорқор шегетін орынға шабуыл жасаған. “Темекі шегуге арналған залдың ішіне кіру үшін ер адам қоңырау шалған. Темекі шегуге арналған залда ол атыс шығарған”, – деп жазады газет.

“Хоймарктағы дүңгіршекте қылмыскер одан кейін тағы үш адамды өлтірді. Қаза болғандар туралы мәлімет әлі белгісіз”, – деп жазады басылым.


© Twitter

“БАҚ-тың көптеген хабарламасына сәйкес, бес адамның өміріне қауіп төніп тұр”, – деп хабарлады газет.