Германияда босқын жүкті әйелге шабуылдады: Сәби қайтыс болды – Жаһан

Ауғанстаннан шыққан босқын неміс ауруханаларының бірінде жүкті әйелге пышақпен шабуылдаған, – деп хабарлайды РИА Новости

Полицияның хабарына қарағанда, оқиға 11 қаңтарда Бад-Кройцнах қаласындағы ауруханада болған. 25 жастағы польшалық азаматша өмірге қауіп төндіретін жарақат алып, оған операция жасалған.

Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, іштегі баласы қайтыс болған. 

Шабуылдаған ер адам ұсталып, прокуратура мен полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz