Головкин ресейлік әншінің бокстағы бастамасын қолдады – Бокс

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ресейлік «ВИА Гра» тобының бұрынғы әншісі Анна Седакованың бокстағы бастамасына қолдау білдірді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеке шығармашылықпен айналысып жүрген әнші Головкин секілді Калифорнияда тұрады. Ол шаршы алаңда жаттығуларының видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. 

«Жарайсың!» – деп жазды GGG видеоға пікір ретінде. 

«Барып жаттығайын, сосын видеосын саламыз. Әйтпесе, сенің алдыңда ұят», – деп жауап қайтарды Седакова боксшыға.

«Сізге GGG-дің өзі жауап берді. Ән айтуды қойып, бокспен шұғылданыңыз», – деп пікрі қалдырды әншінің парақшасына жазылғандардың бірі. 

Головкин мен әнші осыған дейін ескі Жаңа жылды бір жиында тойлаған еді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz