Головкин жаңа телесеріктеске қатысты келіссөздер жүргізді – Бокс

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жаңа телесеріктеске қатысты келіссөздер жүргізді, – деп хабарлайды Vesti.kz. 

The Ring пен FOX Sports журналисі Майк Коппинджердің айтуынша, Головкин Matchroom промоутерлік компаниясының басшылары Эдди Хирн мен Джон Скиппермен кездесті. Айта кетейік, Джон Скиппер – Perform Group-тың атқарушы директоры және DAZN стримингтік сервердің қожайыны.

2018 жылы Хирн DAZN компаниясымен миллиард долларға 8 жылға келісімшартқа отырған. Келісімшарт бойынша ол жылына 32 жекпе-жек кешін өткізуі керек. Айта кетейік, промоутерде тағы бір қазақстандық бар, ол Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО), Елеусінов Matchroom-ның атынан алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын.

“Тағы бір мәлімет бойынша, Хирн мен Скиппер Головкинмен Лос-Анджелесте таңғы уақытта кездесуі керек. Хирннің ойынша, ол Головкинмен келісімге келетініне сенімді. Себебі оның ұсынысы бойынша Головкинді екі жекпе-жек үшін сегіз таңбалы сыйақы күтіп тұр” – деді Коппинджер.

Тағы ескеретін жайт, келіссөзде Головкиннің промоутері Том Леффлер болмаған. “Келеңсіз жағдайлар болмаса, GGG мен Хирн DAZN-мен келісімге келуге өте жақын” – деді Коппинджер.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz