Головкинге Альварестің орнына басқа екі боксшымен жұдырықтасу ұсынылды – Бокс

Журналист Джефф Аранау Boxingnews24.com сайтындағы мақаласында қазақстандық Геннадий Головкиннің алдағы ықтимал жоспары жайлы пікірін айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz.

“Головкин DAZN-мен келісімшартқа отырмаса, онда Канеломен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыру мәселесін қиындата түседі, өз кезегінде мексикалық бұл компаниямен бас-аяғы 365 мың долларға 11 жекпе-жек ұйымдастыру бойынша бес жылға келісімшарт жасасқан. GGG-дің басқа да жолы бар. Ол Premier Boxing Champions компаниясымен келісімге келсе, оның кездесулері Showtime PPV-де көрсетіледі. Ол Джермалл Чарло немесе Каллум Смит сияқты боксшылармен кездесіп, жақсы ақша таба алады”, – дейді автор.

Головкиннің 2012 жылдан бері жекпе-жектері көрсетіліп келе жатқан HBO бокстан бас тартқан еді. Қазақстандықтың бұл арна аясындағы соңғы кездесуі мексикалық Сауль “Канело” Альвареспен өткен болатын.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz