Грузия футболшылары Ресейді “басқыншы” дейтін жейде киіп шықты

ТбилисидіңЛокомотивжәнеРуставифутболклубтарының, Кутаиси қаласыныңТорпедоклубының ойыншылары Грузия чемпионатының19-турындағы кездесуге Ресейдің сыртқысаясатын сынайтын жейде киіп шықты.

“Торпедо” футболшылары киген жейдеде “Мен Грузияданмын, менің жерімді Ресей басыпалғандеп жазылған. Қалған екі командаойыншыларының жейдесіндеГрузия жерінің 20 пайызын Ресей басып алғандеген жазу бар.

Чемпионат.com басылымының жазуынша, кутаисилікТорпедоклубының құрамындаГрузиядан шыққан ресейлік екіфутболшы бар. Оның бірімәскеулікЛокомотивқұрамында болған НодарКавтарадзе, екіншісіРесей астанасының тағыбір клубыСтрогинодаойнаған ВахтангНебиеридзе.

Ресей мемлекеттік думасы акцияға реакциябілдірді. Ресей либералдемократиялықпартиясының депутаты Игорь Лебедевхалықаралық футбол федерациясын ресми матчкезінде ойыншыларға саяси акция өткізугетыйым салатын ФИФА жарғысына сай шарақолдануға шақырды.

Грузияда 20 маусымнан бері наразылықжалғасып жатыр. Оған Ресей мемлекеттікдумасының депутаты Сергей Гавриловтыңпарламент спикері мінберіне көтеріліп, орыстілінде сөйлеуі себеп болған. Грузияға ресмисапармен келген Ресей мемлекеттік думасыныңдепутаты, Ресей коммунистік партиясыныңмүшесі Сергей Гаврилов әлемнің бірқатар елініңөкілдерін біріктіретін парламентаралықправослав ассамблеясының жиынына төрағалықеткен еді. Оның парламент спикері орнынаотырып алуы әуелі отырысқа қатысқандепутаттардың наразылығын туғызды. Гавриловты Ресей президенті ВладимирПутиннің серігі деп санайтын грузиялықазаматтар ол Грузияның сепаратистік аймақтарыАбхазия мен Оңтүстік Осетияға қолдау білдіргенМәскеудің ісәрекетін құптайды деп есептейді.

Бұрын совет одағына кірген Грузияда Ресейықпалы нәзік тақырып. 2008 жылы екі еларасында әскери жанжал болып, Абхазия мен Оңтүстік Осетия Грузиядан бөлініп шыққан. Ресей қолдауына ие болған сепаратистер 2008 жылғы қақтығыстан соң осы екі аймақтыбақылауына алған. Мәскеу оларды тәуелсізмемлекет деп мойындап, төрт мың әскерінорналастырды. Содан бері Ресей мен Грузия арасында ресми дипломатия орнаған жоқ.