Гүлшара Әбдіқалықова қызметінен босатылды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова басқа жұмысқа ауысқалы жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

– Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын, – делінген Президент жарлығында.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бердібек Машбекұлы Сапарбаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды.