Хабиб Нурмагомедов GGG мен “Канело” жайлы пікір білдірді – Бокс

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов алдағы уақытта болады деген бокс жекпе-жегі жайлы өз ойын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AllBoxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Өзінің мансабы жайлы айта келе Хабиб Нурмагомедов үш есімді атады.

“Қанша қалғанын мен нақты білмеймін, Сент-Пьер, Фергюсон мен Мейвезер. Үшеуі. Осылардан кейін өз мансабымды тәмамдап ұлы спортшылардың бірі атанғым келеді”, – деді спортшы.

Нурмагомедов Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альваресті нағыз “жыртқыштар” деп атады.

“Жас боксшылардың қарсыластары жайлы айтатын болсақ, ол мен үшін қиын болды. Канело және Головкин жайлы айтатын болсақ, бұл жігіттер нағыз “жыртқыштар”, – деді ол.

“Мейвезер қазір жас емес, оның жасы 41-42 де. Бірақ ол танымал. Онымен жекпе-жек өткізсем өзім үшін де, мансабым үшін де сәтті болар еді. Атақ, ақша және жанкүйерлер үшін де”, – деді Нурмагомедов.

Айта кетейік, Головкинмен Нурмагомедов ең алғаш рет 2018 жылдың шілде айында Мәскеуде жүздескен. Ресей спортшысы қазақстандықты ең үздік деп атап, онымен ұзақ уақыт бойы танысқысы келегенін айтты. 2019 жылы Нурмагомедов Қазақстанға келмекші.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz