“Хан Шатырда” өрт шықты

Елордада “Хан Шатыр” сауда үйіндегі бутиктердің бірінде өрт шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіі ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.  Өрт туралы хабар “101” пультіне  14 желтоқсанда 06:23-те түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде бірінші қабаттағы Climber бутигінде заттар өртеніп жатқан. “Өрт сөндірушілер бірден өртті сөндіруге кірісті. Қолданылған шаралардаң соң өрт 06:44-те ауыздықталды және 06:48-де 5 шаршы метр аумақта толық өшірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 32 адамы мен 8 өрт техникасы жұмылды”, – делінген хабарламада.