ІІМ басшысы: “102” жасақтары үш минутта жетеді – Ел жаңалықтары

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев азаматтардан учаскелік инспекторларға қоңырау шалмай, бірден 102 нөміріне хабарласып, полиция жасағын шақыруды сұрады. Ол полицейлердің оқиға орнына үш минутта жететіні туралы уәде берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Журналистер министрден азаматтардың заңбұзушылық кезінде учаскелік инспекторға хабарласу мүмкін еместігін айтып, шағымданды. 

“Кезекші бөлім бар. “102-ге” қоңырау шалыңыз, кез келген жасақ үш минутта жетіп барады. Учаскелік инспекторға қоңырау шалудың қажеті жоқ. Кешкі уақытта учаскелік инспекторларға бара аласыз, бізде ондай бөлімшелер бар. Бірақ олардың жұмысы бар, яғни профилактикалық жұмыс жүргізіп, өз ауданын бақылап жүреді. Олар бір жерде отыра бермейді. Әрдайым бір жерде отыратын ол кезекші бөлім”, – деді министр. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz