Иманғали Тасмағамбетов Сочидегі “Жаңа толқын” байқауында не деді?

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Игорь Крутойдың “Жаңа толқындағы” шығармашылық кешінде құрметті қонағы болды, – деп хабарлайды РИА Новости.

“Жаңа толқын” байқауындағы шығармашылық кеш композитор Игорь Крутойдың 65 жас мерейтойына арналған. Иманғали Тасмағамбетов сахнаға шығып, орден табыстады.  “Ресей Федерациясының халық әртісі, композитор Игорь Крутойдың жан-жақты жұмысы Қазақстанда жоғары деңгейде бағаланады. Сондықтан, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Игорь Крутой республиканың ең жоғары мемлекеттік наградасы – “Достық” орденімен марапатталады”, – деді Тасмағамбетов өз сөзінде. “Менің бұл марапатқа қатысым жоқ. Қазір менің әнімді орындайтын топ шығады. Мен бұл марапатқа атақты “Крутые” тобы лайықты деп есептеймін”, – деді Игорь Крутой.
Kaz.tengrinews.kz