Иранның өнеркәсіп министрі коронавирус жұқтырды

Иранның өнеркәсіп, кен және сауда министрі Рыза Рахмани коронавирус жұқтырды – деп хабарлайды “Анадолу”.

Дереккөз мәліметінше, министр қазіргі уақытта интенсив терапия бөлімінде жатыр, жағдайы – қанағаттанарлық.

Айта кетейік, Иранда коронавирустың жаңа түрінен 77 адам қайтыс болды. Олардың ішінде Иранның вице-президенті Масум Ибтикар, денсаулық сақтау министрінің орынбасары Иреч Херирчи мен 23 депутат бар.