Көк түтінге қақалған Алматы

Алматы әкімі “оңтүстік астана неге түтінге оранды?” деген сұрағына тілшінің сұрағына жауап берді. Бауыржан Байбек негізгі үш себепті атады. Оның біреуі өте күрделі, әрі қымбат жоба – ЖЭО-2-нің газға өтуі арқылы шешілмек деп жазады NUR.KZ.

Түтін жаһандық мәселе екенін алға тартқан шененіу оны шешуге әлемдік тәжірибеге сүйенетіндіктерін мәлімдеді.

Ластанудың бірінші көзі – көліктер, олар түтіннің 70 пайызын шығарады екен. Сондықтан қалада көлік реформасы белсенді жүргізілуде.

Екінші себеп – ЖЭО түтіні, ол түтіннің 11 пайызын құрайды.

Бұл мәселені шешу қиын, әрі қымбатқа түседі, алайда жоба бойынша техникалық-экономикалық дәлелдемелер әзірленіп жатыр екен.

“Президент станцияны газға көшіруді тапсырды. Бұл маңызды жоба, бірақ күрделі, әрі қымбат. ЖЭО-2 Самрұқ-Энергоға тиесілі екен, мекеме алғашқы техникалық-экономикалық дәлелдеме әзірлеп үлгерді”, – деді Бауыржан Байбек.

Әкімнің сөзінше, үкімет бұл қымбат жобаны оңтайландырып, тазалау құрылғыларын ауыстырып, бу-газ турбиналы құрылғылар тұрғызады.

Түтіннің тағы бір себепкері – жекеменшік сектор. Жылдың соңына дейін әкім қаланың барлық аймақтарына газ құбырларын өткізуге уәде берді.