Канадада өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшылардың қашан шаршы алаңға шығатыны белгілі болды – Бокс

Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) пен Нұрзат Сабыров (8-0, 7 КО) 16 наурыз Монреальда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы мәлімдеді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кештің басты кездесуінде алғашқы ауыр салмақтағы канадалық Саймон Кин (15-1, 14 КО) және аргентиналық Роджелио Росси (20-7-1, 13 КО) жұдырықтасатын болады.

27 жастағы Жүкембаевтың жекпе-жегі басты оқиғаның бірі ретінде жарияланды. Алғашқы жартылай орта дивизионда жұдырықтасатын қазақстандықтың қарсыласы кейін аталады.

25 жастағы Сабыров андеркартта екінші орта салмақ аясында 32 жастағы аргентиналық Сезар Рейносомен (15-11-4, 7 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Жүкембаев пен Сабыров та Eye of the Tiger Management компаниясымен келісімшартқа отырған. Боксшылар барлық жекпе-жектерін Канадада өткізген.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz