“Канело” орта салмақтағы ең мықты екі боксшыны атады – Бокс

Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль “Канело” Альварес (51-1-2, 35 КО) дивизионындағы үздік екі боксшыны атады, – деп хабарлайды Vesti.kz порталы BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. 

“Канелоның” айтуынша, мұндай атаққа оның өзі және келесі қарсыласы IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) лайықты екен.

“Біздің орта салмақтағы ең мықты боксшы екеніміз – нағыз шындық. Джейкобс – әлем чемпионы, тамаша боксшы. Мақсатым – мықтылармен жұдырықтасу. Дэниэл – бойынан мін табу қиын, салмақты қарсылас. Бапкерім Эдди Рейносо мұндай боксшыға қарсы не істеу керегін біледі, менің міндетім – тыңдау және орындау. Егер импровизация қажет болса, істеймін”, – деді Альварес.

Альварес пен Джейкобс арасындағы белбеулер біріктірілетін жекпе-жек 4 мамырда Лас-Вагастағы T-Mobile аренасында өтеді. Екі боксшы да белбеулерін алғаш рет қорғайды. 

Айта кетейік, бұрындары екі боксшы да осы салмақта қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz