Кәрім Мәсімов Антитеррорлық орталықтың отырысын өткізді – Ел жаңалықтары

18 наурызда Астанада ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік органдардың басшылары белгіленген ортада зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алуды жетілдіру бойынша шараларды қарап, пысықтады.

“БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің № 2396 қарарын атқару шеңберінде аралық қорытындылар жасалып, одан әрі негізгі жұмыс бағыттары белгіленді. ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовке Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағын берді.

 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz