Каримова кешірім сұрап, 686 млн доллар ақшасын дауламауға уәде етті

Өзбекстан экспрезиденті Ислам Каримовтыңқызы, түрмеде жазасын өтеп жатқан ГүлнараКаримова Өзбекстан президенті ШавкатМирзияевтан өзіне кешірім беруді сұрады. Олденсаулығы нашарлағанын айтып, шетелдікшоттардағы 686 млн доллар қаржысынмемлекетке өткізуге уәде етті.

Каримованың президент пен халыққа бағыттағанүндеуін қызы Иман Каримова өзінің Instagramсторисінде жариялады.

Каримова “Менен осы күнге дейін алынғанӨзбекстан аумағындағы 1,2 млрд долларкөлеміндегі қаражат ендігі маған тиесілі емесін, қаржының республика бюжетіне қосылғанынайтқым келеді. Бұған жергілікті тергеу деректерідәлелдеп жазады.

Ол шетелдегі шоттарында да қаржысы бар екенінайтып, ақшасын сотта дауламауға уәде берді. “Адвокаттарым $131 000 000 және $555 000 000 қаржыны қайтару туралы сотқа түсіргеншағымды қайтарып алдыдеп жазады Каримова.

Қазір денсаулық жағдайым алаңдатады. Екіоперация жасату қажет боп тұрғандықтанпрезидентке өтініш айтуға мәжбүрміндейді ол.

Экс-президент қызының швейцариялықадвокаты Грегуар Манже Каримованыңденсаулығы нашарлап кеткенін, оған тиісті емдом көрсетілмей жатқанын айтады.

Өзбекстан билігі Гүлнара Каримованың үстіненекі қылмыстық іс қозғаған. Тергеушілермемлекетке келген зиян мөлшерін екі миллиарддоллар деп бағалаған.

2015 жылы тамызда Ташкент соты ГүлнараКаримованы салықтан жалтару, ақша жымқыружәне бопсалау қылмыстарына айыпты дептанып, бес жылға бас бостандығын шектеген.Кейін оның үстінен қаржы алаяқтығын жасаған, шетел валютасын жасырған, кеден заңын бұзғанжәне қылмыстық жолмен тапқан ақшанызаңдастырған деген айыптар бойынша тағы бір ісқозғаған.

2017 жылы желтоқсанда Өзбекстан соты ГүлнараКаримованы 10 жылға бас бостандығынанайыруға үкім шығарған. 2018 жылы шілдеайында сот Каримованың жазасын жеңілдетіп, бес жылға бас бостандығын шектеу жазасынаауыстырған. Сот үкіміне сәйкес, ГүлнараКаримова қызы Иманның үйінде өтеуі тиісболған, оның үйден шығуына және интернет пенбайланыс құралдарын пайдалануына тыйымсалған.

2019 жылы наурыздың басында Өзбекстан баспрокуратурасы Гүлнара Каримованың сотшешімімен үйқамақтан түрмеге ауыстырылғанынхабарлаған. Биліктің мәлімдеуінше, үйқамақтаотырған Гүлнара Каримоважаза өтеу шартымен тәртібін қасақана бұзған“: бірнеше ретбайланыс құралдарын пайдаланып, қызыныңүйінен рұқсатсыз шығып кеткен.

Бұған дейін мобильдік байланыс қызметінкөрсететін үш ірі компания Telia, Vimpelcomжәне МТС Өзбекстанның телекоммуникациянарығына кіру үшін Гүлнара Каримовағамиллиондаған доллар пара беруге мәжбүрболғанын мойындаған. Бұл мәлімдемелерденкейін АҚШ билігі Гүлнара Каримовағапарақорлық және күдікті жолмен алынған 865 миллион доллар ақшаны заңдастыру айыптарынтаққан еді.

Гүлнара КаримоваӨзбекстанды 27 жылбасқарып, 2016 жылы қыркүйекте қайтыс болғанИслам Каримовтың үлкен қызы. Кезінде оныәкесінің орнын басуы ықтимал ықпалды адам депсанаған.