Кәсіпкерлерді 3 жылға салықтан босату бизнестің жолын ашады – сарапшы

Президент Жолдауында айтылған шағын кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарды үш жылға салықтан босату, сондай-ақ келесі жылдың қаңтар айынан бастап, микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға тыйым салынуына қатысты сарапшы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

“Мұндай шаралар өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, бизнесін домалатып, жұмыс орындарын ашуға жақсы мүмкіндік береді”, – дейді бизнес қоғамдастығының өкілдері.

– Салықты қайдан алуымыз керек, шағын бизнестен орта бизнеске барғаннан кейін барып, сол жерден алуымыз керек. Өйткені орта бизнес аяғына тік тұрған, өзінің болашағына сенімді және клиенттері бар. Бизнесмен деген ол тек қана өнімді шығарумен, қызмет көрсетумен айналысу керек. Басқа нәрселердің барлығы Үкімет бар, бизнес саласына қарайтын өкілдіктер бар бәрін біз өзіміздің қолымызға алуымыз керек, – дейді Қарағанды облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры Серік Санаубаев.