Каспий флотилиясы кемелері Ақтау портына келді

Ресей Федерациясының Әскери-теңіз флотының кіші артиллериялық «Махачкала» кемесі мен кіші гидрографиялық «Анатолий Гужвин» кемесі Ақтау қаласы портына достық сапармен келді.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстан Әскери-теңіз күштері қолбасшылығы Каспий флотилиясына кемелер жасағының келуі екінші мәрте өткізіліп отырғандығын айтады. Кездесудің басты мақсаты – екі елдің флоттары арасындағы әскери ынтымақтасты нығайту және дамыту. Қазақстан Әскери-теңіз күштері қолбасшылығы мен Маңғыстау облысы басшылығы Ресей Әскери-теңіз флоты өкілдерін қарсы алды. Сапар барысында ресейлік әскери кемелер экипажы үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылып, екі елдің әскери қызметшілері физикалық дайындықтарын көрсетті. Сонымен қатар мәдени бағдарлама аясында өлкетану мұражайында болды. Қазіргі таңда Қазақстан Әскери-теңіз күштері мен Ресей Федерациясы Әскери-теңіз флоты арасындағы ынтымақтастық кадрларды дайындау саласында жүргізілуде.  Сондай-ақ қазақстандық офицерлер Санк-Петербург қаласының Әскери-теңіз академиясында кеме командирлері, жауынгерлік бөлім командирлері, флагмандық мамандары бойынша барлық әскери-теңіз бағыттарында курстық оқуды игеріп, қазақстандық курсанттар әскери теңіз мамандықтары бойынша Ресейдің аталмыш жоғарғы оқу орнында білім алуда. Ресейлік және қазақстандық Каспий су айдынында жиі түрде бірлескен оқу-жаттығулары өтеді

inform.kz