Кеденшілер Қытаймен шекарадағы жағдайға түсінік берді

Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы жүк көліктерінің ұзын-сонар кезекте тұруын түсіндірді. Олар мұны қытайлық тараптан санитарлық нормалардың күшеюінен екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Департаменттегілер “Нұр жолы” өткізу пунктінде Қазақстаннан Қытайға кіретін көліктердің кезекке тұрып қалғанын растады.

“Бұл Қытай тарапында санитарлық шаралардың күшеюіне байланысты болып тұр. Себебі олар көлікті өңдейді, жүргізушіне температурасын өлшейді, жүргізушінің санкциясыз шыққанына кабинаны пломб, жүргізуші белгілі бір қажеттілік үшін сыртқа шықса, оны алып жүру сияқты процедуралар уақыт алады. Тауарды жүктеген кезде де қытайлық бақылау қызметі қадағалап тұрады”, – деді Алматы облысы МКД кедендік әкімшілендіру басшысы Ғабит Оразов.,

Оның айтуынша, пандемияға байланысты қытайлық тарап өз территориясында көліктердің жиналуына тыйым салған. Оның үстіне қазақстандық жүк көліктері ҚХР территориясында 12 сағат қана бола алады.

Пандемияға дейін қытайлықтар күніне 150-ге жуық көлік кіргізуді жоспарлаған, ал пандемия бастағаннан бері 20-ға жуық көлік кіргізіп жатыр екен.

“Бұл проблеманы шешу үшін қытайлық тараппен бірнеше рет келіссөз жүргізілді. Енді күніне 100-ге жуық көлікті кіргізіп жатыр. Енді біздің көліктер Қытай территориясында 24 сағат бола алады”, – деп қосты Оразов.

Оның айтуынша, көбіне жүргізушілерде тасымалдау үшін арнайы келісімшарт болмай, көп уақыт соған кетеді. Мұндай көліктер жүк тиемей кері қайтады да, тағы кезекке тұрады.

“Біз өз тарапымыздан “Нұр жолы” өткізу пунктіне Қытайға тауар экспорттап алып бара жатқан көліктеріміз үшін “жасыл дәліз” ашып қойдық және мұндай көліктер кезекке тұрмайды”, – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан-Қытай шекарасында жүк көліктері ұзын-сонар кезекке тұрып қалды деп хабарланды. Шекарада айлап кептелісте тұрған жүк көлік иелері шағымын айтты.