Кешіккен жолаушылар “Аэрофлоттан” 3,6 миллион доллар қайтаруды талап етті – Компаниялар мен банктер

АҚШ-тың бірнеше жолаушысы “Аэрофлот” әуе компаниясын сотқа берді. Олар 3,6 миллион доллар өтемақысын қайтаруды сұрап жатыр, – деп хабарлайды РАПСИ осындай өкімі бар құжатқа сілтеме жасап.

Иллинойс штатының талап арызында Шереметьеводан сапарға тіркеу барысы өте төмен деңгейде атқарылуының нәтижесінде бірнеше жолаушы қону алаңына ұшуға шамамен 20 минут қалғанда келген, нәтижесінде олар бортқа өткізілмеген.

Жолаушылардың мәліметінше, олар билетті 2,5 мың долларға қайтадан сатып алып, әуежайдың ішінде бір тәулік өткізгенін айтты. Оған қарамастан, әуежайдың өкілдері тарапынан оларға көмек көрсетілмеген. Бортқа өте алмаған жолаушылар “Аэрофлот” қасақана Монреаль конвенциясының нормаларын бұзды деп айыпталды.

Әуекомпанияның іс-әрекеті, арызданушылардың ойынша, АҚШ-тың ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес заңы бойынша қарастырылуы керек. Арызданушылар өздерімен қатар 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап осындай жағдайда ұшыраған басқа да АҚШ азаматтарына төлемақы талап етті. Олар әр жолаушыға жеті мың доллардан төлеуді талап етті, сондағы жалпы сомма 3,6 миллион доллар. Оған қоса олар соттан әуекомпанияға қатаң айыппұл жазасын қолдауын сұрап жатыр. Жолаушылар берген арыздарына басқалар да қолдау көрсетеді деп үміттеніп отыр. 

USA.one порталының мәліметінше арызданушылардың қатарында Дмитрий, Александр және Светлана Бандурин сияқты Иллинойс тұрғындары бар.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz