Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтандағы Мемлекеттік академиялық филармонияның (бұрынғы “Конгресс-Холл”) бұрынғы директоры Сәкен Әбдірахманов 1,8 миллиардтан аса теңге жымқырды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Елордалық сотта мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы директоры Әбдірахмановқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, ол тергеу нұсқасы бойынша өзінің қоластындағылармен қылмыстық топ құрған”, – деді Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов.