Корея Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапарымен келеді

Сәуірдің 21-23 күндері Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин алғашқы мемлекеттік сапарымен келеді, депмәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ОңтүстікКорея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар аймақтық және халықаралық өзектімәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, сәуір айының 24 күні Ақордада Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресмисапармен келетін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді.Екі жақты кездесудіңбағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығынажәне аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатарөзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.

BAQ.KZ