Көрісу күнін ресми мейрам ету ұсынылды – Ел жаңалықтары

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Көрісу күнін (немесе Амал мейрамы) ресми мейрам етіп бекітуді ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бұл ұсынысын елдің премьер-министрі Асқар Маминге айтты. Оның сөзінше, жыл сайын 14 наурызда елдің батыс аймағы Көрісу күнін атап өтеді.

“Осындай жарқын күнде адамдар бір-бірімен амандасып жатады, кішкентайлар үлкендерге барып сәлем береді, бір-біріне денсаулық, татулық пен бақыт тілейді. Әр үйде күннің атысымен дастархан жайылып, ақсақалдар бата береді. Қаһарлы қыстан аман шыққан халық болашаққа жоспар құра бастайды”, – дейді Еңсегенов.

Депутаттың айтуынша, бұл күнді бұрын еліміздің бүкіл аймағы атап өтетін, бірақ түрлі жағдайларға байланысты 1930 жылдан бастап бұл дәстүр кей жерлерде ұмытылған. Сенатор қазір мерекені атап өтуге кәсіпорындар, шетелдегі отандастар мен еліміздегі барлық ұлттың өкілі атсалысатынын айтты.

“Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу”. Амал мерекесі жайлы не білеміз

“Мерекелер туралы” заңға сәйкес, елімізде ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және басқа да мерекелер атап өтіледі. Кәсіби және басқа да мерекелік күндерді мемлекет бекітеді. Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, халық дәстүріне қолдау көрсету мақсатында 14 наурызды Көрісу күні етіп бекітуді ұсынамын және тиісті органдарға тапсырма беріп, жауапты жазбаша түрде қайтаруыңызды сұраймын”, – деді сенатор Еңсегенов.





Дереккөз: kaz.tengrinews.kz