Land Cruiser жүргізушісі әл-Фараби даңғылында ірі апат жасады – Тосын жай

Алматыда 8 қаңтарға қараған түні әл-Фараби – Жароков жол айырығында ірі жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды “СТВ” телеарнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser 200 автокөлігі әл-Фарабимен батысқа қарай кетіп бара жатқан. Оның жүргізушісі алдымен BMW седанды соғып, сол жақтағы ең шеткі жолаққа ұшып кетті, ол жерде Mazda жеңіл автокөлігімен соқтығысты.

Осыдан кейін Land Cruiser жолдағы қоршаулар мен көшедегі жарықтандыру бағаналарына соғылып, аударылып қалған. Автокөліктің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.


© “Территория происшествий”

Facebook қолданушысы Андрей Андреев өз парақшасында оқиғаның суреттері мен видеосын жариялады. Оның айтуынша, автокөліктің артқы орындығында “жолполдың желеткесі”, ал еденінде “камералардың тізімі жазылған құжаттар шашылып жатыпты”.

“Барлығы да болжам, нақты демей-ақ қояйын, өздеріңіз білесіздер, кейін бір нәрсе өзгеріп жатса кінәлі болғым келмейді”, – деп жазды ол.


© facebook/Андрей Андреев

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz