LRT құрылысына қатысты жағдайды жіті зерттеу қажет

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың жуырда ғана тағайындалған жаңа әкімі Алтай Көлгіновке осындай тапсырма берді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке астананың әлеуметтік-экономикалық жайластыру жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырдым. LRT құрылысындағы жағдайды жіті зерттеу қажет»,-деп жазды Қазақстан Президенті.