Мамыр айында қанша күн демалыс болады?

2019 жылдың үштен бір бөлігін қазақстандықтар жұмыстан тыс, демалып, отбасы және жеке шаруаларымен айналысып өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz24.kz-ке сілтеме жасап.

Мамыр айында қазақстандықтар барлығы 10 күн демалады.

Оның ішінде 1 мамыр, 7 мамыр және 9 мамырдан 12 мамырға дейінгі мереке күндері демалады.

Қазақстан халықтарының бірлігі күні – 1 мамыр;

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;

Жеңіс күні – 9 мамыр күні демалыс. Жеңіс күніне 4 күн – 9 мамырдан 12 мамырға дейін (демалыс күндері ауыстырылған);

Қазақстанда мереке күндері жұмыс істемейтінін ескере отырып, мереке күні демалысқа сай келсе, мерекеден кейінгі күн демалыс болып саналады.