Мамырда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, мамыр айында Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы климаттық норма шамасында болады, ал оңтүстікте климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады болады7

Сондай-ақ, мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын көп жауатыны айтылады.

“Мамыр айының бірінші жартысында оңтүстік өңірлерде, ал айдың соңында солтүстік өңірлерде үсік жүрмейді. Бірақ биыл мамыр айында түнгі уақытта ауа температурасы төмендеп, солтүстік-шығыс өңірлерде, оңтүстік-шығыс аумақтардың таулы жерлерінде үсік жүруі мүмкін”, -дейді синоптиктер.

Ал 3-5 мамыр аралығында еліміздің солтүстік-шығысында жауын жауып, қарға ұласуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы солтүстікте, шығыста және орталықта ал түнде -3…+5 , күндіз +7…+12, оңтүстік-шығыста түнде +2…+10, күндіз +15…+23; ал оңтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +25…+33 градусқа дейін жоғарылайды.

Ал мамырдың екінші жартысында жауын-шашын тоқтап, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды.

Осылайша, синоптиктердің мәліметінше, мамырда орташа ауа температурасы солтүстік өңірлерде +13…+17, ал оңтүстік өңірлерде +18…+23 градусқа дейін жоғарылайды.