Маңғыстауда карантин талаптары күшейтіледі

Маңғыстау облысында 13 қазаннан бастап жаңа шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.  Карантинді күшейту: Нұр-Сұлтанда қандай нысандар жабылуы мүмкін Атырауға халықаралық рейспен келген жолаушылардан коронавирус анықталмады БҚО шекараларындағы автоөткелдерде санитарлық талаптар күшейтілді Облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуевтың 11 қазандағы қаулысына сәйкес, ертеңнен бастап өңірде карантин талаптары күшейеді. Демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Фитнес-орталықтар, жаттығу залдары жабылады. Сондай-ақ, кафелер мен мейрамханалар 21:00 дейін, ал киім-кешек, құрылыс базарлары мен гипермаркеттер 16.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұдан бөлек, діни нысандар жұмысын тоқтатады. Жергілікті полиция той, ас беру, садақа тарату секілді отбасылық мерекелерді өткізубек үшін патрульдік жұмыстарды күшейтеді. Қаулыда жергілікті билік пен облыстың бас санитар дәрігері карантин талаптарын орындауды қатаң бақылауға алатыны жазылған.