Маңғыстауда карьерде жүк көлігі аударылған – Ел жаңалықтары

Маңғыстау облысында Бейнеудегі карьерде жүк көлігі аударылған. Оқиға Бейнеу қаласындағы тас карьерінде болды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 4 наурызда болды. Видеода аударғыш жүк машинасының төменге құлағаны түсірілген.

“Рәббім-Құрылыс” ЖШС тас карьерінде болған. Карерьердің иесі – Борашов Рәббім Байбозұлы, тас карьерінде жүк көлігі қалдық топырақ төгу барысында белгіленген жерде артқа кетіп, төмен қарай құлдилаған. 1983 жылғы жүргізуші Дурдиев Нұрлан – Қазақстан Республикасының азаматы, дені сау, аман, техникаға жеңіл зақым келген”, – делінген  хабарламада. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz