Марат Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды – Ел жаңалықтары

Марат Тәжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

“Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылсын”, – делінген жарлықта. 

Мұның алдында Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаев болған. Ол Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметіне ауысты. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz