Масанчи ауылында болған жанжалдың видеосы: полиция мән-жайды айтты

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданы Масанчи ауылындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Масанчи ауылында жаппай төбелес болды. Полиция қақтығысты тоқтатты, жағдай бақылауға алынды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Жамбыл облысы ПД өкілдері азаматтарды ресми мәліметке ғана сенуге шақырып, қауесет пен жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Айта кетейік, жалған ақпаратты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тарату – қылмыс, оның жазасы үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін баруы мүмкін.