Мәжіліс Денсаулық министрі лауазымына ұсынылған кандидатураны қарастырды

Мәжілістің Әлеуметтік және мәдени даму комитеті Алексей Цойдың ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметіне ұсынылған кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл мәселе “Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 22-бабы, 1-тармағына сәйкес қаралды.

Оның нәтижесі бойынша қорытынды шешім қабылданды, онда ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Цой Алексей Владимировичтің ҚР Денсаулық сақтау министрі лауазымына кандидатурасын ұсынуы мүмкін деп саналады.