Мәжіліс Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізуге дайындалуда

Мәжіліс Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 толуына орай Еуразия мен Азия елдері парламенттері спикерлері IV кеңесін өткізуге дайындалуда. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Тwitter-дегі парақшасына жазды.

“Мәжіліс Н. Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 толуына орай Еуразия мен Азия елдері парламенттері спикерлері IV кеңесін өткізуге дайындалуда. Бүгінде 60-тан астам елдің парламенттік делегациялары мен 16 халықаралық ұйым өкілдері ауқымды халықаралық жиынға қатысатындарын растады”, – делінген хабарламада.