Мәжіліс латын әліпбиіне ауысып кетті

Пленарлық отырыстар, жұмыс топтарының, комитеттердің отырыстары және заң жобалары бойынша таныстырулар ҚР Парламенті Мәжілісінде онлайн режимінде өтеді, сонымен бірге, Палата латын әліпбиіне көшеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бүгінгі сессиядан бастап барлық пленарлық отырыстардың ғана емес, жұмыс топтарының, комитеттердің және әлеуметтік маңызы бар заң жобаларын талқылауға арналған презентациялардың отырыстары тікелей эфирлерде өтіп, Мәжіліс сайтында көрсетіледі. Сонымен қатар, Мәжіліс латын әліпбиіне көшті.

Бұған дейін, 2 қыркүйекте алтыншы шақырылымның бесінші сессиясының ашылуында Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин бұдан былай палатаның барлық заңнамалық жұмыстары азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары алдында өтеді деген болатын. Соған байланысты тікелей эфирлер Мәжіліс сайтында онлайн режимінде жүргізілетін болады.

Жалпы, депутаттар өз жұмысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сессияның ашылуында айтқан Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басымдықтарға назар аударады.

– Көріп отырғаныңыздай, алдымызда үлкен, күрделі міндеттер тұр, және біз оларды тез арада шешуіміз керек, – деді Мәжіліс Төрағасы.