Мейрамбек Беспаев саясатпен айналыспақ

Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Ол мәдени мәселелерді қадағалайтын болады. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

“Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым” деп жазды қала әкімі.

Мейрамбек Бесбаев 1976 жылы 7 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде – Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген. 1989 жылы болашақ танымал әнші Алматыға келіп, жергілікті музыка мектебіне ауысып келеді.

Мамандық таңдау сәті туғанда ол актер боламын деп шешеді. Сөйткен ол Театр және кино институтына түсіп, актерлік бөлімді тәмамдайды. Қоңыр дауысты Мейрамбек Беспаев салған ән уақыт өте келе миллиондаған адамның жүрегін жаулады. Оқуды аяқтағаннан кейін жас бозбала театрда және консерваторияда жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүреді. Сол жерде ол көзге түседі.

Мейрамбек Беспаев өзі іргесін қалаған эстрада триосы – MuzArt тобымен елге кеңінен танылды. Олардың репертуарында заманауи және халық әндері де бар.