Мексикада құбыр желісі жарылды: 20 адам қаза тапты – Жаһан

18 қаңтарда Мекстиканың Идальго штатында 100-ден аса адам жанармай ұрлап жатқан уақытта құбыр желісінде жойқын жарылыс болды, – деп хабарлайды РИА Новости.

Financiero порталының мәліметінше, құбыр желісінің тесілген жерінен жанармай алуға 350-ден аса адам ыдыстарымен келген. Осы кезде жарылыс болған. 

Идальго штатының губернаторы жарылыс салдарынан 20 адам қаза тауып, 54 адам жарақат алғанын мәлімдеді. 

“Идальго билігі Тлауэлильпан елдімекенінде болған жағдай туралы хабардар. Мен Идальго ІІМ басшысы Симон Варгас Агиларға зардап шеккендердің отбасына көмектесуге тапсырма бердім. Осы жағдайды шешу үшін бізді федералды үкімет барлық қажетті заттармен қамтамасыз етеді”, – деді Омар Хайяд Twitter желісіндегі парақшасында. 

Жыл басынан бері Мексика үкіметі бензин тонауға қарсы күрес шараларын бастады. Билік өкілдері құбыр желісі арқылы мұнай тасымалдауды тоқтатып, цистернамен тасуға көшті. Сонымен қатар, барлық МӨЗ аймақтарына әскер тартылды. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz