Мектеп пен балабақша директорлары жаңа жүйе бойынша тағайындалады

Қазақстанда мектептер мен балабақша директорлары жаңа жүйе бойынша тағайындалады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

“Соңғы кездері білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындау тәртібіне қатысты көптеген сұрақтар туындап жатыр. Мысалы, кейбір білім беру ұйымдарында басшылық қызметте 20 жылдан бері отырғандар бар. Басқару менеджменті ақсап тұр. Сол себепті балабақша, мектеп және колледж директорларын жаңа жүйе бойынша тағайындаймыз. Алмасу жүйесін ротация арқылы шешеміз”, – деді БҒМ басшысы үкімет отырысында.  “Заманауи талаптарға сәйкес білім беру саласы автоном басқарудан ұжымдыққа ауысады. Мекемелерде қамқоршылық бақылау директорлар кеңесі жұмыс істейді”, – деді ол.
Kaz.tengrinews.kz