Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Семейге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласына барды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Президент “Ұлы ақын Абай ұлдарымен” ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың “Жиделі-Бөрлі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді. Сонымен қатар “Қарағайлы” ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады. Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, “Абай әлемі” сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, “Абай-Шәкәрім” мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады”, делінген жазбада.