Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты

Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, “Қазатомөнеркәсіп” ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған болатын. Ол жемқорлық үшін 14 жылға сотталған еді.

2018 жылдың қарашасында Жәкішев Семейдің № 2 сотына да шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген. Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жазуы үшін жаза мерзімінің үштен екі бөлігін өтеуі тиіс болған. Бұл мерзім 2018 жылдың қыркүйегінде өткен. Алайда сот ол өтінішті қанағаттандырған жоқ, себебі ол келтірілген шығынды өтемеген еді – 99,6 миллиард теңге.

Ал 2019 жылдың шілдесінде сотталушы тағы өтініш білдіреді, бірақ сот ол өтінішті те қанағаттандырмады. Ақпанда да Жәкішев дәл осылай өтініш қалдырған еді, алайда ол да қанағаттандырылмады.