Нұрлан Сейтімов ҚР СІМ жауапты хатшысы болып тағайындалды – Ел жаңалықтары

Нұрлан Сейтімов ҚР СІМ жауапты хатшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

“Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды”, – делінген хабарламада. 

Нұрлан Сейтімов 1964 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 

2016 жылы 29 наурызда Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Дипломатиялық рангы: II санатты төтенше әрі өкілетті елші.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz