“Нағыз патриот!”. Димаш 118 ел аруы қатысқан байқауда ана тілінде ән шырқады — видео

Танымал әнші Димаш Құдайберген “Әлем аруы-2018” байқауында “Ұмытылмас күн” атты өз әнін орындады.

Күні кеше “Әлем аруы-2018” байқауы аяқталып, жүзден астам ару ішінен 26 жастағы мексикалық Ванесса Понсе де Леон жеңіске жетті. Ол өз елінде “Мексикалық топ модель” байқауының бесінші маусымының жеңімпазы.

Аталған байқауға 18-26 жас аралығындағы 118 мемлекет өкілі қатысты. Олардың арасында дәрігерлер, ұстаздар, журналистер де бар.

Белгілі әнші Димаш Құдайберген осы байқауда отандасына қолдау білдіріп, қазақ тілінде өз туындысын орындады.

Әлеуметтік желі қолданушылары әлемдік деңгейдегі байқауда қазақ тілінде ән салған Димашқа қошемет сөздерін жарыса жазып жатыр.

“Тамаша… Димашқа сөзім жоқ! Осындай байқауда қазақ тілінде ән шырқалып жатыр. Бұл бала жарады”, “Жаным кіріп жатыр. Нағыз қазақстандық! Нағыз патриот! Кеудемді мақтаныш сезімі кернеп тұр”, “Жаратқан Қазақстанға тамаша ұл сыйлады. Туған елін сондай қатты жақсы көреді. Бүкіл әлемнің алдында қазақ тілінде ән салды. Жер бетінде ешкім дәл бұлай өз мемлекетін танытқан жоқ. Браво, Димаш” деп жазды желі қолданушылары.