
Алматыда «Алмалы жұмақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «National Geographic Qazaqstan» фотожурналисті Дмитрий Ругистің ел тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Қазақстандықтар» атты фотокөрмесі өтті.
Шараға фотографтың достары мен өнеріне тәнті көрермендері, белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсенбаев, «Фотөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайым, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығының директоры Бақтияр Қожахметов және тағы басқа танымал азаматтар қатысты. Аталмыш жобаның авторы Ажар Жандосова.
Даланың, алыстағы ауылдардың, кең-байтақ елдің әр түкпіріндегі адамдардың сұлулығын көре білген Дмитрий «Мен де қазақстандықпын» дейді. Ол қазақ мәдениетінің бай болмысын фотоөнері арқылы жеткізгісі келеді. Суреттегі табиғилықты жаны сүйетін Дамирий, оқиғаны барынша шынайы жеткізеді. Сондықтан да оның суреттері шынайылығымен көпшілікті өзіне тәнті еткізеді.
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ