Назарбаев әуекомпанияларға көмектесуді тапсырды – Ел жаңалықтары

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық әуетасымалдаушыларды қолдауды тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек үкіметтің кеңейтілген отырысында бірінші жартыжылдықта Қазақстанда Fly Arystan әуекомпаниясы өз жұмысын бастайтыныy мәлімдеді. 

“Бірінші жылы 1 миллион жолаушыны тасымалдау жсопарланған. Бағасы жөнінде – Air Astana-ға қарағанда екі есе арзан”, – деді министр. 

Президент әуекомпанияға ұшу аймағын кеңейтуді тапсырды. 

“Авиаторларға, бірінші кезекте Air Astana-ға АҚШ және Жапонияға ұшу тапсырмасын беру керек. Еуропаға ұшып жүрміз”, – деді Мемлекет басшысы. 

Ол отандық әуекомпанияларға көмектесу керектігін айтты. 

“Бәлкім, алғашқы уақытта бұл ұшулар тиімсіз болатын шығар, бірақ қалайда ұшу керек. Ұшақтарды сатып алуға көмектесу немесе барын қолдану. Биыл осы мәселені шешу қажет”, – деді Президент. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz