Назарбаев: Бірде-бір бақытты миллиардерді көрмеппін – Ел жаңалықтары

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бірде-бір бақытты миллиардерді көрмегенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

“Барлығының бастауы – еңбек, адамның жұмысы. Еңбексіз жеткен табыс – бұл бақыт емес. Ата-анадан мұра ретінде байлықты алып қалуға болады, бірақ оның қайыры болмас. Мен өмір көрген әрі тәжірибелі адам ретінде 10-20 миллиард ақшасы бар бірде-бір бақытты миллионерді көрмеппін”, – деді Президент “100 жаңа тұлға” жобасының жеңімпаздарымен кездесу барысында. 

Назарбаев адам өз еңбегімен тапқан табыспен бақытты бола алатынын атап өтті. 

“Мен сіздерге өз өміріне балта шапқан немесе түрмеде аяқтаған миллиардерлер тізімі туралы айтып бере аламын. Ақша “ауадан келіп түскен”… Олардың бақытты екені – бұл тек көрініс қана, бірақ нағыз бақыт деген – ешқандай қиындықтарға қарамастан еренбей тапқан жемісің, өзің ойлап тауып, құрастырған, өз бақытыңды жасау”, – деді Мемлекет басшысы. 

Осыған дейін, Назарбаев адамды тек өз еңбегімен ғана бақытты бола алатынын айтты.

“Қолға алып, жасап көріп, шаршап, кетіп қалу – ештеңе болмайды. Мен әрқашан былай айтамын: Адамның мүмкіндігі шексіз. Барлығын жасауға болады. Он жыл бойы күн сайын үш-төрт сағат айналысу керек. Ал ол жас, ол да серуендегісі келеді. Басқаша табысқа жету мүмкін емес. Барлық ұлы адамдар да осылай болған”, – деді Назарбаев бірінші қазақстандық – спорттық акробатика бойынша әлем чемпионы атанған Никита Амоскинді мысал етіп.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz