Назарбаев шымкенттік балақайларға көлік сыйлады (фото)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабев Шымкенттегі мектеп-интернатқа автокөлік сыйлады. Осылайша, интернат тәрбиеленушілері Елбасының жаңа жылдық тосын сыйына ие болған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бұл сыйлықтың тарихы желтоқсан айының басында басталған. Сол уақытта интернат тәрбиеленушілері Тұңғыш президент күні мерекесіне орай мемлекет басшысын хат жазған. Олар Нұрсұлтан Назарбаева өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын да жіберіпті.

Анықталғандай, Елбасы сыйлықтарды қабыл алып, Жаңа жыл қарсаңында өз балаларға өз сыйлығын да жолдаған. Ал Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мектепке берілген көлік кілтін мектепке берген.

Құрметі достар.” Біздің мемлекет басшымыз осындай сыйлық беріп жіберді. Бұл автокөлік. Мен сіздеді құттықтаймын”,- деді Шымкент әкмі Ғабидолла Әбдірахымов.

Айта кетейік интернат орналасқан ғимарат 1916 жылы соғылған тарихи естеліктердің қатарына жатады. Ал жалпы мектеп-интернат 30 жыл бұрын құрылған. Бүгінде мұнда 210 бала тәрбиленеді.