Назарда – «Алтын домбыра»

Желтоқсанның 16-17 күндері  Астанада «Астанам, сенсің айбарым!» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.  Бұл  игі шараны  Астананың 20 жылдығы  және Еліміздің  тәуелсіздік  меркесіне   орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  ұйымдастырып отыр.  7 мәрте өткелі  тұрған  бұл  дүбірлі  сайысқа Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған секілді от ауызды,  орақ тілді жампоз ақындар  қатыспақшы.